Қандай қонақ үйлерде тоқтауға болады?

Қонақ үйлердің тізімі мұнда көрсетілген.

Әуежайға(-дан) қоғамдық көлікпен қалай жетуге болады және таксидің бағасы қандай?

Шымкент әуежайына дейін 11 и 37 бағыттары бойынша автобустар жүреді, жүру сызбасымен мұнда танысуға болады. Таксимен жүру бағасы 1000 теңге көлемінде және одан жоғары, бұл ыңғайлылық классына байланысты. Автопарк тізімі мұнда.

Рейстердің кестесін қай жерден көруге болады?

Тараз әуежайында ұшатын барлық рейстердің кестесін біздің сайтымызда, ұшу бағытын және күнін (кезеңін) таңдап,  Рейстер кестесі тарауында табуға болады.

Егер әуебилетінде тегі мен атында қате табылса, не істеу керек?

Кейбір жағдайларда әуебилеттерінде үш қате жіберілуі мүмкін. Қате анықталған жағдайда, тез арада сіз билет сатып алған компанияға немесе агенттікке барып, қатені жөндеу ұсынылады.

Шетел мемлекетіне кіруге визалар және басқа құжаттар туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Сізге белгіленген елге кіру үшін қажетті құжаттарға қатысты кеңесті сол елдің консулдығында немесе сіз Шымкенттен ұшатын рейстің әуекомпаниясында алу қажет.

Рейске онлайн тіркелуге болады ма?

Онлайн-тіркелу сіздің әуекомпанияңыздың сайтында жүзеге асырылады. Онлайн-тіркелу тарауында сіз әуекомпаниялардың сайттарына сілтемелерді табасыз.

Әуежайға қай уақытта келу керек? Тіркелу қай уақытта басталады?

Қосымша ақпарат алу үшін Рейстерді тіркеу бөлімін қараңыз.

Рейске тіркелу кезінде жеке тұлғаны растайтын қандай құжатты көрсету қажет?

ҚР ішкі әуе желілерінде ұшу барысында, жолаушының жеке тұлғасын растайтын құжат ретінде ҚР азаматының қолданыстағы жеке куәлігі немесе төлқұжаты қабылданады. Халықаралық рейске тіркелу үшін қолданыстағы шетел төлқұжаты қажет.

Әуежайға сұйықтықтармен және дәрілермен кіруге болады ма?

Әуежай ғимаратына кіруге рұқсат беріледі, Бірақ оның барлығын чемоданға немесе сөмкеге салу керек, оларды сіз кейін рейске тіркелу кезінде жолжүкке тапсырасыз. Ал ұшу аумағына 100 миллилитрден артық сұйықтығы бар кез-келген сыйымдылықтарды (контейнерлерді, сықпаларды) апаруға тыйым салынады. Ұшуға дейінгі тексерме ережелері туралы ақпаратты және әуе кемесінің салонында және тіркелген жолжүкте тасымалдауға рұқсат берілетін заттардың тізімін сіз Тексерме және бақылау ережелері тарауында таба аласыз.

Нормадан жоғары жолжүкті тасымалдаудың құны қандай?

Сізге бұл сұрақты рейсті жүзеге асыратын әуекомпанияға қою қажет, өйткені жолжүкті тегін тасымалдау нормаларын және нормадан жоғары жолжүкке тарифтерді әуекомпаниялар белгілейді. Едәуір толығырақ – Жолжүкті тасымалдау нормалары тарауында.

Жануарлар мен өсімдіктерді тасымалдау рәсімі қандай?

Егер сіз жануарларды немесе өсімдіктерді тасымалдасаңыз, ең алдымен әуекомпаниямен шарттарды келістіру керек. Едәуір толық ақпарат Жануарлар мен өсімдіктерді тасымалдау тарауында көрсетілген.

Егер мен әуежайға ұшып келгенде өз жолжүгімді таппасам немесе жолжүктен заттар жоғалса және ол бұзылса, не істеу керек?

Жолжүкті жеткізудің кідірісіне қатысты шағымдарды тасымалдаушы әуекомпанияға беру керек, өйткені  жолаушы билетті сатып алу сәтінде әуе тасымалдауларға келісімшартты дәл сол әуекомпаниямен жасасады. Есіңізде болсын, жолжүкті тасымалдау үшін бүкіл толық жауапкершілік әуекомпанияда. 

© 2018-2019 Тараз халықаралық әуежайы.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика