Жануарларды және өсімдіктерді тасымалдау

Жануарларды тасымалдау жағдайында сізде құжаттардың келесі жиынтығы болуы керек:

  • ветеринарлық паспорт;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (анықтама (№1 нысан) кез-келген мемлекеттік ветеринарлық клиникада беріледі). Құжатта жасы бойынша екпелер туралы мәліметтер көрсетіледі. Иттер, мысықтар және үй күзендері ұшуға дейін бір жылдан кеш емес және бір айдан ерте емес екпеден өту керек.

Жануардың нақты түрін және жануардың тегін кіргізуге рұқсат алу туралы сұрақтарды бағыт елдің консулдығында нақтылаңыз. Жолаушыға ұшақ салонында бір уақытта жалпы салмағы 5-8 кг артық емес контейнерде екіден артық емес жануарды тасымалдауға рұқсат беріледі. 

Егер жануарды ұшақ салонында тасымалдау мүмкін болмаса, ол тек жабық арнайы берік және ыңғайлы торларда немесе контейнерлерде ғана әуе кемесінің жолжүк бөлімінде тасымалданады.


Жануарлардың немесе өсімдіктердің кез-келген тасымалдаулары әуекомпаниямен алдын ала келістірілуі керек!

Тасымалдаудың қуны

Жетеленетін жануарлар мен құстардың салмағы, оның ішінде контейнерлердің (торлардың) және  тамағының салмағы, жолжүкті тегін тасымалдаудың нормасына кірмейді. Жануарды контейнермен бірге өлшейді, тасымалдаудың құны жалпы салмаққа байланысты болады. Жетектеуші иттер қарғы мен тұмылдырық тағылған жағдайда және иесінің жетелеуінде болу шартында ғана торсыз тегін тасымалданады.

Өсімдіктерді тасымалдау ережелері

Қазақстан Республикасының аумағына шет елдерден жолаушылардың қол жүгінде және жолжүгінде шығу елінің Өсімдіктердің карантині мен қорғанысы жөніндегі ұлттық қызметі (ӨКҚҰҚ) беретін фитосанитарлық сертификаты жоқ тұқымдарды, егу материалдарын және картопты (тұқымдық және азықтық) әкелуге тыйым салынады.

© 2018-2019 Тараз халықаралық әуежайы.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика