Төлқұжаттық бақылау рәсімі

Төлқұжатыңызды дайындап, төлқұжаттық бақылау үстеліне өтіңіз. Төлқұжаттық бақылау рәсімі аяқталғаннан кейін бірінші қабаттағы жүкті алу залына қарай өтіңіз.

Қазақстанға виза

Кіру мен визалық талаптар туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтына кіріңіз.

Сондай-ақ, осы сайтта сіз кіру визасының қажет-қажет емес екендігін және қанша уақытқа созылатындығын тексере аласыз: www.mfa.kz

Есіңізде сақтаңыз

Егер сіздің Қазақстанға сапарыңыз 30 күннен астам уақытқа созылса, egov.kz сілтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің сайтында онлайн режимде тіркелу қажет.

Әйтпесе, Қазақстаннан кеткен кезде төлқұжат тексеру кезінде айыппұл салынуы мүмкін.

© 2018-2019 Тараз халықаралық әуежайы. Консалтинговая группа Кеңесші
Сайт картасы
Яндекс.Метрика