Тексеріс және бақылау рәсімі

Төлқұжат пен отырғызу талонын дайындаңыз

Қауіпсіздік аймағына кірген кезде тексеру үшін төлқұжат пен отырғызу талонын өзіңізде ұстаңыз. Сізге жеке тексерістен өтіп, қол жүгін рентген аппараты арқылы өткізуге ұсыну қажет болады.


Әуе кемесіне отырар алдында барлық жолаушылар мен жүк міндетті түрде ұшудан алдыңғы тексерістен өтуі керек. Ұшу алдындағы тексеруден бас тартқан жолаушы ұшуға жіберілмейді!

Электрондық құрылғыларды сөмкеңізден алыңыз

Телефондар, смартфондар, ноутбуктар, планшеттер, электрондық кітаптар және басқа да құралдар қол жүгінен уақытша алынып тасталуы керек.Сіз әмиян, сағаттар, белбеулер, кілттер және қалта заттарын конвейерлік лентадағы себетке салуыңыз қажет.

Сырт киіміңізді шешіңіз 

Куртка, жакет, пальто, шляпа және жоғарғы жағы ұзын аяқ киімдер сияқты сыртқы киімдеріңізді шешіп, конвейер лентасындағы себетке, қол жүгімен қоса салыңыз.

Сұйықтықты пайдалану ережелері

Тексеруден бұрын сіз барлық сұйықтықтарыңыз бен гельдеріңізді бір жолаушыға 1 литрден аспайтын мөлдір полиэтиленді пакетке салыңыз. Әуе кемесінің бортында сұйықтық пен гельді қол жүгімен алып кіруіңізге, 100 мл аспайтын және жалпы көлемі 1 литрден аспайтын контейнерлерде тасымалдауға құқығыңыз бар.


Мұнда сұйықтықтарға, аэрозольдер мен гельдерге, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі берілген

Ұшу кезінде Сіз өзіңізбен бірге диеталық өнімдер мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерін, дәрі-дәрмектің рецептімен бірге ала аласыз. Егер сіз баламен сапар шегетін болсаңыз, сіз балалар тағамын қол жүгіңізге салып ала аласыз.

© 2018-2019 Тараз халықаралық әуежайы. Консалтинговая группа Кеңесші
Сайт картасы
Яндекс.Метрика