Әуежайда рейске тіркелу

Ішкі рейс 

Ішкі рейске билеттер мен жүкті тіркеу үшін жолаушы әуежайға рейс басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей келуі керек. 

Халықаралық рейс

Халықаралық рейске билеттер мен жүкті тіркеу үшін жолаушы әуежайға рейс басталғанға дейін 3 сағаттан кешіктірмей келуі керек.

Тіркелу рәсімінен өту үшін Сізге билетті, төлқұжатты және барлық тасымалданатын заттарды ұсыну қажет. Тіркелу рәсіміне бөлінген уақыт рейс алдындағы рәсімділіктерлден өтуге, артық жүкті төлеуге, рейске дейінгі тексеруден, кедендік, шекаралық және басқа рәсімдерден өтуге, сондай-ақ әуе кемесіне жүкті отырғызу және тиеу үшін жеткілікті.


Ішкі және халықаралық рейстерге тіркеу әуежай терминалының бірінші қабатында, оның орталық бөлігінде, 4 тіркеу үстелдері және жүкті тіркеу пункті орналасқан жерде жүзеге асырылады.

Билетті және жүкті тіркегеннен кейін сізге отырғызу талоны, билет, жүк биркалары мен қол жүгінің жыртылған бөлігі беріледі.

Тіркеу рейс басталғанға дейін 40 минут бұрын аяқталады. Тіркеудің нақты уақытын әуежайдың ақпараттық қызметінде немесе әуекомпанияның кеңсесінде алдын ала білуге болады.

Тіркеу аяқталу уақытына кеішігіп қалған жолаушыға жүк немесе әуе кемесіне осы рейске отыруға жол берілмеуі мүмкін. Әуе кемесіне отырғызуға келмеген тіркелген жолаушының жүгі әуе кемесінен шығарылып, міндетті түрде тексерілуге жатады.


Барлық рейстер туралы жаңа ақпараттарды Сіз Онлайн бақылау таблосынан немесе маусымдық ұшу кестесінен біле аласыз, сондай-ақ әуежайдың ақпараттық қызметіне қоңырау шала аласыз: +7(7262)54-26-00 

Онлайн режимде рейске тіркелу 

Әуекомпаниясына байланысты Сіз рейске 48 сағат қалғанда ONLINE режимде тіркеліп, ұшақтағы орынды таңдай аласыз.

Егер Сіз отырғызу талонын электрондық пошта арқылы алсаңыз, оны басып шығарыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, қабылдауға сіз бұрын тіркелгеніңізді хабарлаңыз. Сіздің есіміңіз әуекомпаниясының дерекқорында болады және талонды басып шығаруға бірнеше секунд уақыт кетеді.

Төменде Тараз әуежайынан ұшатын әуекомпаниялардың сайттары бар, оларға онлайн режимінде тіркелуге болады.


Әуежайда Сізден отырғызу талонын көрсету сұралады, оны басып шығару керек.

Тараз әуежайынан ұшатын әуекомпаниялардың сайттарында тіркелу:


SCAT Airlines

S7 Airlines
 
FlyArystan



Халықаралық рейстермен ұшатын барлық жолаушылар кедендік және шекаралық бақылаудан өтуі қажет.


Егер сізде міндетті жазбаша мағлұмдауға жататын тауарлар болмаса, кедендік мағлұмдаманы толтыру талап етілмейді. Егер мұндай тауарлар болса, жазбаша кедендік мағлұмдаманы толтыруды ұмытпаңыз. Кедендік бақылау аймағындағы жолаушыларға отырғызу талондары беріледі.

Жүк

Саяхаттамас бұрын, әуекомпанияңызда жүгіңіздің мөлшерін тексеріп алыңыз. Әдетте эконом-класс жолаушысы өзімен бірге 20 кг-нан көп емес, ал бизнес-класс жолаушысы 40 кг-нан аспайтын жүкті өзімен бірге тегін ала алады. Әдетте, эконом-кластағы қол жүгінің шегі 8 кг, ал бизнес-класс үшін ол 10-15 кг аспайды.


Жүкті тасымалдаудың жалпы ережесін, сондай-ақ рұқсат етілмеген заттар тізімін қараңыз.


Халықаралық рейстермен ұшатын барлық жолаушылар міндетті кедендік және шекаралық бақылаудан өтеді.

Бортқа отырғызу

Ұшаққа отырғызу 40 минут бұрын басталады және ұшудан 10 минут бұрын аяқталады. Отырғызуға өту кезінде отырғызу талонын қолыңызда ұстаңыз. Сізге төлқұжат та қажет болуы мүмкін, сондықтан оны дайын күйінде ұстаңыз.

Ұшаққа отырғызу басталу уақыты отырғызу талонында, сондай-ақ OНЛАЙН таблода көрсетілген.

© 2018-2019 Тараз халықаралық әуежайы. Консалтинговая группа Кеңесші
Сайт картасы
Яндекс.Метрика